Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ Иракқа тағы 300 әскериді жөнелтпек

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2014
  • 1300

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ирактағы соғыстың қателік болғандығын және оның салдары бүгінге дейін сезіліп отырғандығын мәлімдеді.

Қытай орталық телевизиясына берген сұхбатында Керри Ақ үй әкімшілігі жағдайды өзгертуге барлық шараларды жасап жатқандығын жеткізді. Дәл осы бағытта Америка билігі Ирактағы бітімгер әскердің санын тағы 300 адамға ұлғайтуға шешім қабылдапты. Осылайша олардың жалпы саны 750-ге жетті. АҚШ әскерилерінің басты міндеті - Бағдат қаласындағы Америка елшілігін, Америка азаматтары мен мүлкін, сондай-ақ, Ирак астанасының халықаралық әуежайындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету екендігін айтқан.

Еске салайық, тек өткен маусым айында лаңкестердің қолынан қаза тапқан адамдардың саны 2000 жетті. Бұл ел үкіметінің таратқан ресми хабары. Бейбіт азаматтардың ең көп шығыны экстремисттер басып алған Ирактың солтүстігінде.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ