Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда қоғамдық кеңес жер мәселесін талқылады

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2016
  • 1580

Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт жылда миллион гектарға жуық жер мемелекетке қайтарылған. Бұл жайында облыс басшысы Алтай Көлгінов айтты. Өңірде ауыл шаруашылығы мақсатындағы 5 миллион 700 мың гектардай жер бар. Оның 4 миллионнан астамы жайылымдар мен шабындықтар және егістік жерлер. Дегенмен, игерусіз жатқан алқаптар да жоқ емес. Соңғы төрт жылда жүргізілген инвентаризациялау кезінде миллион гектарға тарта жердің бос жатқаны анықталыпты.

Жамбыл Насимуллин, шаруа:

Үкімет 50 процентпен арзанға берейік десе, 1000 гектар жер неге алмаймын? Мен 20 жыл айналыссам да, байып кеткен ештеңем жоқ. Бір үйім бар, бала-шағамды оқыттым. 12 жылдың 9 жылында егін шықпады. Жермен айналысып жүрген адамдар бәрі де қалды, сонда қызмет атқарып жатырмыз.

Еркін КАРИН