Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жеңгетайға жергілікті полковник «қалқан» болған

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2014
  • 1943

Алматыда атышулы жеңгетай жеті жылға сотталды. «Мама Роза» атымен танымал болған Ольга Хамбулатоваға қатысты Алмалы аудандық соты осындай үкім шығарды.

Хамбулатоваға астыртын жезөкшелер ордасын құрды деген айып тағылып, мүлкі тәркіленді. Енді ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Қылмыстық іс «жеңгетайдың» 8 сыбайласына қатысты да қозғалған. Олардың алды 9 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айырылды.

Қуандық Ешімет, Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы:

Ольга Хамбулатова ҚР ҚК 235-бабы 1-тармағы, 271-бабы 3-тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынна айырылып, жаза жалпы түзеу колониясына белгіленді. Хамбулатовға 7 жыл берілсе, Азат Ақылбек полиция сержантына 9 жыл тағайындалды. Қалғандарына 5 жылдан түзеу колониясына укім шықты.

Айта кетейік, Хамбулатова өзіне қорған болған Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы бастығының бұрыңғы орынбасары Серік Бегәсіловке ай сайын 3000-4000 доллар көлемінде ақша беріп отырған.

Тергеу барысында анықталғандай, олар Хамбулатова 2007 жылы жазасын өтеп шыққан соң танысып, бірігіп жынойнақ ұйымдастыруға келіседі. Жеңгетайдың айтуынша, полковник оған "қалқан" боламын деп уәде берген. Бүгінде Бегәсіловке қатысты іздеу жарияланды.

Маржан СЕРІКҚЫЗЫ