«Үдемелі индустриялық-инновациялық
даму бағдарламасының алғашқы бес жылдығында табысты жобаларды құру жағынан
күткендегідей жақсы нәтижеге қол жеткізе алмадық». Президент Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру картасы
жобасына арналған телекөпірде осылай деді.
Сондай-ақ, Елбасы аталған мемлекеттік
бағдарламаның екінші кезеңіне арналған жоспарларға қанықты. Астанадағы
Назарбаев орталығында өтіп жатқан жиында бағдарламаның І-ші жарты жылдықтағы
нәтижелері баяндалды. Телекөпірде Мемлекет
басшысы жұмыс істеп тұрған нысандармен танысты.
Үкімет есебі бойынша, өткен алты айда
Индустрияландыру картасы шеңберінде 21 жоба пайдалануға берілсе, екінші жарты
жылдықта олардың саны 100-ге жетеді деп жоспарлануда. 8 мың тұрақты жұмыс орындары ашылмақ.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА