Русский Сайттың толық нұсқасы

Ирактағы қарулы қақтығыстар әлемдегі мұнай бағасының өсуіне ықпал етуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2014
  • 2322

Ирактағы кескілескен ұрыс салдарынан Brent маркалы мұнай бағасы шарықтап кетуі мүмкін. Сосаити Дженераль банкінің сарапшылары баррель бағасы 150 долларға дейін жетеді деген болжам жасады.

«Ирак және Левант ислам мемлекеті» радикалдары мен Ирак әскерилерінің арасындағы қарулы қақтығыстар кезінде мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы тұралап қалатын болса, баға бірден шарықтап кетеді. Салдарынан мұнай экспорты тәулігіне 2,6 млн баррельге дейін қысқаруы мүмкін. Алайда, халықаралық энергетикалық агенттік шұғыл әрекет етіп, мұнай бағасының құбылуын тоқтатады, - дейді сарапшылар.

Айтуларынша, мұндай жағдайда Сауд Арабиясы мұнай экспортының көлемін еселеп арттырады. Баға шарықтап кететін болса да, қысқа уақыт аралығында орнына келеді, деп сенірді Сосаити Дженераль банкінің сарапшысы Майкл Уиттнер.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА