Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауғаныстан президент сайлауының нәтижесін жариялауды кейінге қалдырды

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2014
  • 1183

Ауғаныстанның сайлау комиссиясы президент сайлауының нәтижесін жариялауды кейінге қалдырды. Тәуелсіз сайлау комиссиясы 2-шілдеге белгіленген алдыңғы сайлау қорытындыларын жариялауды кейінге қалдырып, президенттік сайлаудың 2-кезеңіндегі дауыстарды қайта есептеу керек деген шешім қабылдады, - деп хабарлайды Ауғаныстанның телеграф агенттігі.

Сарапшылар бұл шешімді өте маңызды, әрі дер кезінде қабылданды деп есептейді. Әйтпегенде, этникалық ұстаныммен мемлекеттің бөлінуі мүмкін еді. Бұған дейін хабарлағандай, Ауғаныстандағы президент сайлауының 2-кезеңінде бұрмалаулар жасағаны үшін айыпталған Тәуелсіз сайлау комиссиясы хатшылығының бұрынғы басшысы Зия уль-Хак Амархель 30-маусымда елден Дубайға ұшып кеткен.

Ал, қоғамдық үйымдардың өкілдері «Амархельдің бұлай Ауғаныстаннан қашуының өзі оның үлкен көлемді алаяқтық әрекетке қатысы бар екендігін дәлелдейді. Әйтпесе, ол елде қалып, өзінің кінәсіздігін дәлелдер еді, - деп хабарлады.

Еске салайық, доктор Абдолла Абдолла егде жастағы тұрғындар жиі қоныстанған - шығыстағы 3 провинцияда жаңадан сайлау өткізуді талап еткен болатын. Бірақ, Тәуелсіз сайлау комиссиясы бұл талапты орындаудан бас тартты.