Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жүкті әйел мен оның баласын қағып кеткен азамат кепілдік төлеп бостандыққа шықты

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2014
  • 1462

Алматы облысы Уйғыр ауданының салық басқармасының экс-жетекшісі Бақыт Құрмашев кепілдікпен бостандыққа шықты. Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, кепілге айыпталушының Талғар ауданындағы төрт бөлмелі пәтері қойылған. Алайда Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, зардап шегушілердің денсаулығына келген зиян көлемі ауыр деп танылса, айыпкерге қолданылған шара өзгеруі мүмкін.

Еске салайық, 23 маусымда Бақыт Құрмашев Алматыда жүкті келіншек пен оның үш жасар баласын көлікпен соғып кеткен болатын. Кейіннен тергеу амалдары жүргізушінің көлікті мас күйінде айдағанын анықтаған. Жол көлік апатынан кейін Бақыт Құрмашев оқиға орнынан қашуға әрекеттенген.

Жұрағат БАМАН