Еліміздің Көлік және коммуникация
министрлігі Түркия әуежайларынан Қазақстанға ұша алмай отырған азаматтар
жөнінде ресми мәлімдеме жасады. Олардың мәліметінше, елімізге қайта алмай
отырған азаматтардың саны алдын ала айтылғандай 200-дей емес, 303 жолаушы.
«Гүлнәр тур» туристік агенттігі «Джет Эйрлайнс»
әуе компаниясымен келісім жасасқан. Алайда, аталмыш компания ұшақтарына 30
маусымнан кейін жоспарланған рейстерді жүргізуге рұқсат берілмеген. Қазіргі таңда қазақстандық өзге екі әуе компаниясы
азаматтарымызды елге қайтаруға әзір. Алайда олар алдын ала
100%-дық төлем жүргізуді талап етіп отыр.
Естеріңізге салайық, бұдан бұрын
біздің арна Қазақстаннан Түркияға демалысқа барған 242 адам елге орала алмай
отыр деген ақпарат таратқан болатын.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ