Алматыда өңірлік даму министрлігінің
тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы департаментінің өкілдері бастаған топ қаланың
бірқатар аудандарын аралап, тұрғындарға орталық есептеу құралдарын орнату
бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 4 жылдық қолданысқа берілетін мынадай
жылу құралы тұрғын үй шаруашылық даму қорының қаражаты есебінен орнатылады. Дәл бүгін мұндай құрал Алматыда орналасқан тұрғын үйлердің
34%-нда бар. Жобаны іске асыру үшін мемлекеттік бюждеттен 8 млрд теңге
қаражат бөлініп қойған.
Бегман Көлбаев, ҚР Өңірлік даму министрлігінің ТКШ департаменті
директорының орынбасары:
Біздің қазіргі заңның талабына сәйкес, аталған жылу есепке алу құралдары
міндетті түрде болуы керек. Сондықтан, заңның талабын барлығымыз орындауымыз
керек. Негізігі мақсатымыз - көп пәтерлі тұрғын үйлердің қысқы мезгілде
пайдаланатын электр энергиясының нақты көлемін анықтау болып табылады.
Мәселен, «Самал-1» ықшам ауданында
орналасқан мына үйге жаңа жылу есептеу құралы осыдан бір жыл бұрын орнатылған. Аталған уақыт ішінде тұрғындар жылуға төленетін қаржымыз
біршама үнемделді дейді.
Димнура Еспенбетова:
Бұрын біз ыстық
суды да, суық суды да санамадық. Қанша болса сонша төлей бердік. Енді барлық
үйде осындай құрылғы бар. Қағаз келеді ғой сол қағазда төлеу сомасы 2-3 есеге
дейін азайғанын көрдік. Сол экономия көрініп тұр.
Жалпы, көп пәтерлі тұрғын үйлерге
ортақ жылу есептеу құралын орнату жобасы келесі айдан бастап толығымен жүзеге
асады деп жоспарланған.
Маржан СЕРІКҚЫЗЫ