Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда еліміздің 4 астанасы туралы деректі көрме ашылды

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2014
  • 2318

Алматыда әр жылдары қазақ елінің астанасы болған шаһарларға арналған ауқымды көрме ашылды. Келушілер бір мезетте Орынбор, Қызылорда, Алматы және Астана қалаларының тыныс тіршілігінен көрініс беретін жәдігерлермен таныс болады.

Шара Қазақстан астаналары қалай салынды және ел тарихында қандай рөл атқарды деген тақырыптағы деректі туындымен басталды. Фильмге ұлттық мұрағаттағы ең таңдаулы киноқұжаттар мен дыбыс жазбалары пайдаланылған. Көрменің негізгі бөлімі Астана қаласының құрылуы мен даму үрдісін қамтиды. Елбасының бас қаланы салу мен архитектуралық кескінін қалыптастыруға және инвестициялық тартымдылығына жұмсаған қажыр-қайраты туралы пікірлер конференцияда кеңінен әңгіме болды. Іс шараға белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен тарихшылар қатысты.

Борис Жапаров
, Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының директоры:

Өткізіп отырған шара арқылы Қазақстан мұрағатшылары жаңа өсіп келе жатқан жас Астанамызға және Елбасына деген өз көңілімізді, сүйіспеншілігімізді білдіргіміз келеді. Құрылғанына көп болмаса да, Астана дүние жүзіндегі халықаралық мәртебесі бар, ел назарын аударған қалаға айнала білді.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ