Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавл тұрғыны Елбасыға сыйлық дайындап жатыр

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2014
  • 798

Петропавл тұрғыны Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ерекше сыйлық әзірлеп қойды. Шебер өз қолымен сағат жасап шығарды. Оның төменгі жағында Ақ орда бейнеленген, орталығында Мемлекеттік ту, ал куранттарында Елтаңба салыныпты.

Владимир Баранов, шебер:

112 бөлшегі ағаштан, 86-сы қоладан, ал тағы екі бөлшегі күмістен тұрады. Елтаңба және есігін жабатын жапқыш және гауһар тастарына арналған орындар бар. Биіктігі 130 сантиметр. Мен бұл сағат кемінде 50 жыл істейтініне кепілдік беремін.

Елбасында сағаттардың үлкен жиынтығы барын естіген Владимир Баранов оған өз қолынан шыққан туындыны тарту ету туралы шешімге келеді. Сыйлықты қолда бар материалдардан жарты жыл жинаған. Өз жұмысын Президент іссапармен Петропавлға келгенде, көрсетемін дейді.

Айта кетерлігі, Солтүстік қазақстандық шебердің сыйы бұл ғана емес. Ол Абылай ханның кеңсеге арналған заттарының көшірмесін жасап жатыр. Ал Президенттің 75 жылдығына пасхалық жиынтық әзірлемек.

Айгүл ӘДЕПБАЙ