Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде министрліктер саны қысқарады

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2014
  • 1973

Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың елдегі министрліктер қысқарады деп, республикалық бір басылым бетіне берген сұхбаты сарапшылар мен түрлі талдаушыларға ой салды. "Министріліктер біріге ме, не себіпті біріктіріледі, кімге қосымша пәрменділік беріледі, ал кімнен керісінше алынып тасталады?" деген сұрақтар мазалады. Бұл сұрақтарға нақты жауап жоқ, тек болжамдар бар. Шенеуніктердің өздері де аталмыш тақырыптан қашқатайды.

"Астана" телеарнасына Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мен Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рауға осы мәселеге қатысты сұрақ қою мүмкінідігі туды.

Салидат Зекенқызы жақын арада Денсаулық сақтау министрлігінің құрамына Экология министрлігі мен Спорт және дене шынықтыру агенттігі енеді деген ақпаратты растамады және жоққа да шығармады. Тек үкіметтің жергілікті жерлердегі биліктің жауапкершілігін арттырып жатқан бағыты дұрыс дегенді сеніммен айтты.

Салидат Қайырбекова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Маған өзіме ресми түрде жетпеген ақпарат туралы мәлімдеме жасау қиын. Ал бүгін үкіметтен министрліктерге, министрліктерден аймақтарға акцент жасалып жатқаны дұрыс. Өйткені
, жергілікті жердегі билік жауапкершілікті сезінуі тиіс.

Альберт Рау, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары:

Осыдан 4 жыл бұрын Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі құрылған кезде, оған Индустрия және жер қойнауын пайдалану комитетін қосып бергені өте дұрыс болды. Өйткені, Үдемелі индустриялық даму бағдарламасының алғашқы 5 жылдығын қолға алғанда, мемлекеттік қолдау жақсы болды. Сондықтан, 4 жыл ішінде барлық жұмысты бір жүйеге қойып алдық.

Айгүл ӘДЕПБАЙ