Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда кәсіпорын өкілдері прокурорлар пікіріне қарсы

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2014
  • 1227

Солтүстік Қазақстан облысының тазалау кәсіпорындары Есіл өзенінің ластануына кінәлі емеспіз, дейді. «Қызылжар су» ЖШС-нің басшылығы өзендегі улы заттардың мөлшері нормадан артық емес деп, азар да безер. Бұған дейін жергілікті прокурорлар өңірдегі кәсіпорындардың Есіл өзенін ластағаны туралы мәлімдеген.

Зертханалық тексеру қорытындысына сәйкес, өзендегі улы заттар белгіленген мөлшерден артық болып шыққанын хабарлады. Экологтардың пайымынша, көлдердің бірінде бөгет жарылып, кәріз суы өзенге қосылып кеткен. Осының салдарынан залал келіп, шығын көлемі 6,5 млн теңгеге бағаланды. Тіпті, қомақты қаражаттың басым бөлігін «Қызылжар су» ЖШС-гі төлеуі қажет деп мәдімдеген. Ал бұл кәсіпорын өкілдері болса, ақталып әлек. Есілді лас судан қорғайтын бөгет әлдеқашан істен шыққанын алға тартуда.

Сергей Визеров
, «Қызылжар Су» ЖШС бас инженері:

Зерттеу жұмыстары барысында улы заттардың құрамы мөлшерден асқан жоқ. Судағы аммоний тұзы 5,9. Яғни
, Есіл өзені үшін бұл көрсеткіш шамадан артық емес. Темірдің құрамы да өз мөлшерінде. Көктемде еріген қардың суы бізге қарағанда, көп залал келтіреді.

Самат ҚАНАҒАТОВ