«Артур» дауылынан төнген қауіп күшейіп
барады. Бүгін тропикалық алапат жел АҚШ-тың
атлантикалық жағалауына жақындады. Мамандар дауылдың қауіптілігі екінші
деңгейге көтерілгенін ресми түрде хабарлады. Олар Хаттерас аралының дауыл
астында қалуы мүмкін екенін айтады. Сондай-ақ, құйын
Солтүстік Каролинаға 90 шақырым қашықтыққа жеткен. Дүлей дауыл бұл
жерлерді талқандауы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 160 шақырымды құрауда.
Төтенше жағдай жарияланды.
Бүгін АҚШ-та тәуелсіздік мерекесі. Осыған орай жағалауда демалуға келгендер қатары көбейген, дегенмен билік
олардың барлығын көшіріп жатыр. Өйткені
теңізде толқын көтерілді. Құрлыққа апаратын жолдар су астында қалуы ықтимал.
Илхам ИБРАГИМ