Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО-да тасқын болуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2014
  • 1262

ТЖМ ескертеді. Бүгін Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында су тасқыны болуы мүмкін. Аймақтарда қатты жаңбыр жауады деп күтуліде. Осының салдарынан таулы өзендерде су деңгейі көтеріліп, арнасынан асады деген қауіп бар.

«Қазгидромет»-тің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы да күшейеді. Секундына 22 метрге жететін жел соғып, бұршақ жауады, деп болжануда. Синоптиктер сақтықты ұмытпауды ескертеді.

Илхам ИБРАГИМ