Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда Қытайда жасалған автокөлік отқа оранды

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2014
  • 1543

Алматыда кезекті рет Қытайда жасалған автокөлік отқа оранды. Құм тиелген «ХОВО» жүк машинасы шығыс айналма жолмен оңтүстік бағытқа қарай бет алған. Жүргізуші Рысқұлов даңғылына жете бергенде, көлікті игере алмай жол жиегіне шығып кеткен. Нәтижесінде автокөлік аударылып, кабинадан өрт шығады. Оқиға орнына дер кезінде жеткен өрт сөндіру қызметі жарым-жартылай өртенген жүк көлігін сөндірді.

Ал 1970 жылы туған жүргізуші түрлі дене жарақаттарымен облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік апаты бойынша Ішкі істер департамені алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауыр жүк көлігінің аударылып кетуіне не себеп болды?! Арнайы тағайындалған техникалық сараптама енді 20 күннен соң оның нақты себебін анықтайды.

Айта кетейік, осыдан тура бір жыл бұрын Алматыдағы Қабанбай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында бензин тиеген жүк көлігі аударылып, бір адам қаза тапқан болатын. Өрт салдарынан 40-тан астам пәтер мен 9 автокөлік жарамсыз болып қалды.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ