Ақтөбеде шегірткемен күрес қызу қолға
алынды. Биыл 900 мың гектар жерді химиялық
өңдеуден өткізу жоспарланған. Қазіргі таңда, оның 780 мың гектарына дәрі
себілді. Бұл мақсатта республикалық және жергілікті бюджеттен жарты млн-нан
астам қаражат бөлінген.
Мамандар, шегірткенің белсенділігі
өткен жылдармен салыстырғанда азайғанын айтады. Былтыр Италияда кездесетін «прусс»
пен Азия аймақтарында ғана болатын қара шегірткенің түрі аймақтағы ауыл
шаруашылығына үлкен зиянын тигізген еді. Мамандар
қанаттылардың 12-13 жылда бір айналып соғатынын айтады. Дегенмен, Ресей жағынан
келетін шегірткелерден қауіп бар екенін жасырмайды.
Оразбек Далмағамбетов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ақтөбе облыстық инспекциясының жетекшісі:
Біздің қауіптенуіміз - Светлый ауданы мен Домбар ауданынан ұшып келуі
мүмкін деп. Сондықтан, біздер тағы да комитетпен сөйлесіп, 20 мың га жерге
запас пестицид әкеліп қойып, қазір лет уже оларда басталып кетті. Соны біздер қазір химиялық өңдеу жүргізіп жатырмыз. Енді
амандық болса, июльдің 14-15-де біздер бітіреміз.
Мансұр ЕСҚОЖИН