Шымкенттегі қоғамдық көліктер
жолаушыларға тегін қызмет көрсетуді бастады. Бүгін 69-шы бағыттағы автобусқа
мінгендер жолақы орнына Дін-Ислам тақырыбындағы сауалдарына жауап алды.
Құрметті жолаушылар бүгін осы 69-шы маршрут қасиетті Рамазан айының
құрметіне жолақысы тегін болып жатыр. Орталық
мешіттің ұйымдастыруымен маршрут тегін жүреді.
Кондуктордың орнын дін өкілі
алмастырған. Ол жолақы сұрамайды. Есесіне асыл
дініміз Исламның шарттарын жолаушыларға түсіндіріп беруді міндетіне алған.
Жолаушылардың басым бөлігі отыз күн Оразаның талаптары мен сауабы жайында сұрап
білуде. Тосын сыйға таңырқаушылар да, қуана құптаушылар да табылып жатты.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ