Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайдағы ұйғырларға ел билігі Оразаның амалдарын орындауға тыйым салды

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2014
  • 1085

Қытай билігі Синьцзян - Ұйғыр автономиялық ауданында тұратын ұйғырларға Қасиетті Рамазан айында ораза тұтуға, өзге де діни амалдарды орындауға тыйым салды. Бұл жөнінде Associated Press хабарлайды.

Бұл талап мемлекеттік қызметкерлерге, сондай-ақ, оқушылар мен студенттерге де қатысты. Олар ішкі жауларымен осылай күреспекші. Әңгіме ұйғыр сепаратистері жайлы болып тұр. Синьцзян - Ұйғыр автономиялық ауданындағы халықтың шамамен жартысына жуығын құрайтын бөлігі соңғы уақытта наразылықтарын жиі-жиі білдіруге көшкен. Салдарынан, аймақта жарылыстар мен оқыс оқиғалар қайталануда.

Мәселен, Үрімшіде 22 мамырда болған теракт кезінде 39 адам қайтыс болып, 94-і жараланды. Шетелдік құқыққорғаушылар болса, Қытайдың Оразаға қатысты әрекетін мұсылмандардың діни сеніміне қиянат жасау деп кінәлап отыр. Бірақ, Қытай билігі райынан қайтпақ емес. Керісінше, Синьцзян - Ұйғыр автономиялық ауданындағы тұрғындарды ығыстырмақ ниетте.

Мөлдір ҚАБЫТ-ҚЫЗЫ