Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда Баян батырдың ескерткіші ашылды

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2014
  • 2938

Павлодарда Баян батырдың ескерткіші ашылды. Қайсарлық пен батылдықты бойына жиған алып мүсін шаһарға кіре беріске орын тепкен. Ескерткіштің бар шығынын демеушілер көтерді.

18 ғасырда жоңғарлармен болған шайқастарда ерлігімен аты шыққан Баян Қасаболатұлының есімі бүгінгі ұрпаққа жақсы таныс. Тарихшылар алмағайып заманда онымен теңесетін бахадүрдің болмағанын алға тартады. Қайсар қолбасшы «Ақтабан шұбырынды - Алқакөл сұлама» оқиғасында батылдығымен, тапқырлығымен көзге түскен Баянды Абылай хан ерекше құрметке бөлепті.

Тіпті бір сөзінде: «Бізде батырлар көп, бірақ жорыққа шығып, жаумен шайқасқанда, Баянға тең келетін батыр жоқ»,- деген екен. Осыдан-ақ ханның оны бағалағанын байқауға болады. Ескерткіштің ашылу салтанатына мәдениет, әдебиет саласының саңлақтары мен қоғам қайраткерлері жиналды.

Мақсұт Нәрікбаев, Баян батыр атындағы қордың жетекшісі:

Батыр Баянның көп уақыт аты шықпай жүргенінің бірден бір себебі - сол Мағжан Жұмабаевтың поэмасы. Ал Мағжан Жұмабаевтың сол поэмаға байланысты халық жауы атанып кетуіне байланысты. Павлодар қаласының орталығында осындай ескерткіштің орнатылып жатқаны - біздің халқымыздың рухын көтеретін, рухын көтеріп қана қоймай, алға басын көтере қарайтындай жағдайға жеткендігінің бірден бір белгісі.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ