Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте хайуанаттар бағында дүниеге келген керікке «Астана» деп ат берілген

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2014
  • 1495

Ел ордасы Астананың тойымен қатар шымкенттіктер кішкентай «Астананың» да туған күнін тойлауда. Хайуанаттар бағында дүниеге келген керікке «Астана» деп ат берілген. Жануар 2010 жылдың 6 шілдесі күні Алматы зообағында туылған. Ал Шымкентке 2011-де жеткізілді. Астананы құттықтап келгендердің қарасы көп.

Қуаныш иесінің бұл күнгі ас мәзірі де өзгеше. Оған арнап тәтті нан пісірілген. Зообақтағы барлық жануарға биіктен қарайтын паң керік одан асықпай ауыз тиді. «Астана» күн санап өсіп келеді. Қазір бойы төрт метрден асты. Салмағы 700 келіге жуық. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ