Русский Сайттың толық нұсқасы

Республика бойынша 9840 сайлау учаскесі құрылды

  • AstanaTV
  • 29 ақпан 2016
  • 1779

Елдегі барлық сайлау учаскесі жергілікті әкімдіктерден сайлаушылардың тізімін алып, жұмысқа кірісті. Республика бойынша барлығы 9 840 сайлау учаскесі құрылды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау учаскесінің саны жағынан шығыс пен оңтүстік өңірі көш бастап тұр. Онда дауыс беру нысандары 1075. Учаскелер саны ең аз өңірлер Атырау - 234 - және Маңғыстау облысы - 199 сайлау учаскесі. Осылайша "Сайлау туралы" заңға сәйкес 18 жасқа толған азамат тіркелген мекен-жайы бойынша дауыс беру құқығына ие болды. Азаматтар тиісті сайлау учаскесінде жеке төлқұжатымен, не болмаса мекен-жай анықтамасы, азаматтарды тіркеу кітапшасымен келіп, тізімдерді тексере алады.

Бақыт Мелдешов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

Сайлаушылардың тегі тізімде жоқ болған немесе өзі туралы деректерде дәлсіздіктерді анықтаған жағдайда, сайлаушы жоғарыда аталған құжаттардың негізінде оны сайлаушылардың тізіміне енгізуді немесе қажетті түзетулерді енгізуді талап ете алады. Қазақстан Республикасының аумағындағы өзінің елді мекенінен тысқары шыққан жағдайда, сайлаушыға дауыс беру мүмкіндігін беретін есептен шығару куәлігі беріледі.

Ал сайлау күні түрлі себептермен тұрғылықты мекенінен тыс, бірақ ел ішінде болатын азаматтар тиісті куәлікті учаскелік сайлау комиссиясына жазбаша өтініш білдіріп, төртінші наурыздан бастап 19-шы наурыз, сағат 18:00-ге дейін алуға құқылы.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ