Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық газ көрші Қырғызстанға қымбатқа түсіп отыр

  • AstanaTV
  • 09 шілде 2014
  • 1284

Қазақстандық газ бәрінен бұрын көрші Қырғызстанға қымбатқа түсіп отыр. Керісінше, Швейцарияға арзанға саудалануда. Бұл туралы "ҚазТаг" агенттігі Қаржы министрлігі, Кедендік бақылау комитетінің есебіне сілтеме жасап, хабарлады. Есепке сүйенсек, Кеден одағы елдерін есепке алмағанда, көгілдір отын экспорты бірінші тоқсанда 3,5 пайызға артқан.

Мәселен, Украинаға 3,5 млн текше метр көгілдір отын 563 миллион долларға сатылған. Қырғызстанға 143 млн текше метр 35,7 млн долларға саудаланыпты. Қазақстаннан ең тиімді шартпен газ алып отырған ел - Швейцария. 933 млн текше метр бар болғаны 70 млн долларға өткен. Жалпы, отандық газдың экспорттық бағасы мың текше метрге шаққанда, Қырғызстан үшін 250 доллар, Қытайға - 120 доллар, Швейцарияға - 74, Польшаға 133 долларға саудалынып отыр.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ