Русский Сайттың толық нұсқасы

Бостондағы студенттер ісін еліміздің СІМ бақылауда ұстап отыр

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2014
  • 1257

Бостондағы студенттер ісін еліміздің Сыртқы істер министрлігі бақылауда ұстап отыр. Отандастарымызға елшілік тарапынан тиісті көмек көрсетілген. Бұл туралы министрдің бірінші орынбасары Рапиль Жошыбаев мәлімдеді. 

Рапиль Жошыбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

Біздің елшілікпен барлық тиісті ноталар, хаттар мен өтініштер жіберілді. Әрине, әр мемлекеттің өз заңы бар. Мұндай күрделі іске қатысты сот әділ шешім шығарады деп үміттенеміз. Біз де ақырын күтіп отырмыз. 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ