Шегіртке мол ақшаны қажет етеді. Қостанай облысы зиянкестерге қарсы
күресті күшейту үшін бөлінген қаражатты бірден 200 миллион теңгеге өсірген.
Нәтижесінде шырылдауық шегірткенің бетін қайтару үшін 1 миллиард теңге қаражат
бөлініпті.
Дегенмен, Оренбург облысымен шекаралас аудандарды, яғни
шамамен 50 мың гектар жерді бақылауға алу қиын болып тұр. Өйткені бұл аумақ
ауыл шаруашылығына пайдаланылмайды. Облыстық аймақаралық инспекция мамандары
біздің арнаға берген ақпаратында зиянкестер алдымен Қамысты ауданын басып алып,
мұнан соң жер-жерге тарағанын айтты.
Қазіргі таңда 1 миллион 600 мың гектардан
астам алқапқа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, шегірткеге
тойтарыс беру үшін, алқаптарына арнайы техникалар мен дельтапландар
жұмылдырылған.
Заңғар САНАЙ