Шегіртке шабуылы қауіпті емес. Осылай деп агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов сендірді. Айтуынша,
Қазақстанға Ресей аумағынан италиялық прус шегірткелерінің үйірлері қонғаны
рас. Әсіресе Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан жерлерінде аталмыш
зиянкестер көбейіп кеткен. Дегенмен, олардан сақтанудың барлық амалдары
қарастырылып жатыр.
Министрлік химиялық өңдеулерді жүргізу үшін 440 мың
гектарға қосымша препараттарды бөліп отыр. Сондай-ақ, ведомство вице-премьер
Бақытжан Сағынтаевтың атынан Ресей Федерациясының бірінші вице-премьері Игорь
Шуваловқа арнайы хат дайындап жатыр. "Осылайша Ресей тарапын жедел әрекет
етуге үндейміз. Ал әзірге зиянкестермен өздігімізше күресуге мәжбүрміз. Бұл
үшін республикалық бюджеттен арнайы сомма бөлінді", - деді.
Сақташ Хаcенов, АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы:
Барлығы бөлінгені - екі миллиард 900 мың теңге. Оның үстіне, мен айтып
отырмын, мына жыл басталғалы бізде ана жылдан қалған улау заттар болды. Сол 1
миллион 200 мыңын жібердік біз облыстарға. Әлі 800 мыңы бар. Ендігі жылы
запасымыз бар болып отыр. Ақша да жеткілікті.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА