Русский Сайттың толық нұсқасы

"Астана" мен "Хапоэль" командаларының ойыны Тель-Авивте емес, Астанада өтетін болды

  • AstanaTV
  • 11 шілде 2014
  • 1252

Израильдегі саяси жағдайдың шиеленісуіне орай, «Астана» мен "Хапоэль" командаларының ойыны Тель-Авивте емес, Астанада өтетін болды. "Еуропа лигасындағы екінші айналымның алғашқы ойыны Елордаға ауыстырылды", - деп «Астана» клубының баспасөз қызметі хабарлады.

Мұндай шешімді УЕФА қабылдаған. Ал жауапты матчтың қай күні өтетіні әзірге белгісіз. Айта кетерлігі, «Астана» футбол клубы Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі қадамын сәтті бастады. Жерлестеріміз Арменияның "Пинюгын" қонақта 1:4 және өз алаңда өткен жауапты ойында да 2:0 есебімен ұтып, басым түсті.

Айгүл ӘДЕПБАЙ