Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штабы Ақмола облысында

  • AstanaTV
  • 29 ақпан 2016
  • 2258

«Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штабының өңірлерге сапары жалғасын тапты. Бүгін штаб мүшелері Ақмола облысының диханшыларымен жүздесіп, кейін «Родина» агрофирмасына барды.

Айта өтейік, фирма - еліміздің алдыңғы қатарлы шаруашылықтарының бірі. Мұнда "желіні жер сызған" асыл тұқымды сиырлар тəулігіне тонналап сүт береді. Заманауи технологиялар орнатылған зауыт тек табиғи өнім шығаруға дағдыланған. Сондай-ақ, нұротандықтар сайлауалды бағдарламасымен өңірдің этномəдени орталық өкілдерін таныстырды. Ұлт жоспарында айқындалған бірлік пен бірегейлік институционалды реформасын іске асыру сұхбатқа арқау болды.

Қанат Әділбеков, «Родина» агрофирмасының бас агрономы:

Мемлекет басшысының аграрлық салаға деген ерекше ықыласы нәтижесінде көп табыстарға жеттік. Енді біз ел экономикасының қозғаушы күшіне айналарымызға сенімдіміз. Біздің таңдауымыз - «Нұр Отан».   

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА