Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуроодақпен қатар Жапония да Ресейге қатысты санкциялар енгізді

  • AstanaTV
  • 05 тамыз 2014
  • 1402

Еуроодақпен қатар Жапония да Ресейге қатысты санкциялар енгізді. Бүгінде 40 азамат пен 2 қырымдық компанияның атауы "қара тізімде" тұр. Жапония премьері Синдзо Абэнің бастамасымен "Украинадағы жағдайды ушықтыруға және Ресейдің Қырымды аннексиялауына қатысы бар" деп танылған адамдардың есеп шоттарына бұғат салынбақ.

Бұған қоса қырымдық "Черномормұнайгаз" және "Феодесия" компаниялары да экономикалық қыспаққа алынды. Ал Ресей сыртқы істер министрлігі бұл шешімді жөнсіз деп отыр.

Айта кетейік, Ресей, АҚШ және Еуроодақ арасындағы "сауда текетіресі" бірнеше айдан бері жалғасып келеді. Еуроодақтың соңғы шектеуі ресейлік "Добролет" әуе компаниясына қатысты болатын. Осыған жауап ретінде, Ресей еуропалық компанияларға тиесілі ұшақтардың өз аумағынан ұшуына шектеу қойып, қажет болса мүлде тыйым салмақ.

Жұрағат БАМАН