Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуразиялық экономикалық одақ пен Меркосур арасында келісімге қол қойылуы ықтимал

  • AstanaTV
  • 15 шілде 2014
  • 1269

Еуразиялық экономикалық одақ пен Меркосур арасында келісімге қол қойылуы ықтимал. Ресей  президенті Владимир Путин осыған ниетті. Бұл жайында ол бразилиялық әріптесі Дилма Руссефпен кездесу қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында айтты.

"Біз Оңтүстік америка нарығына шығуға мүдделіміз", - деді Ресей басшысы. Путин Қазақстан мен Беларусь арасындағы Еуразиялық экономикалық келісім күшіне енген соң, Меркосурмен келісім жасалады деген үмітін жасырмай отыр.

Еске салайық, 29 маусым күні Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері Экономикалық одақ құру жайындағы келісімге қол қойған еді. Құжат 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енбек.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА