Русский Сайттың толық нұсқасы

"Гүлнәр тур" арқылы шетел асқан отандастарымыздың алтауы әлі де Түркияда

  • AstanaTV
  • 15 шілде 2014
  • 748

"Гүлнәр тур" компаниясы арқылы шетел асқан отандастарымыздың алтауы әлі де Түркияда қалып отыр. Бұл жөнінде Көлік және коммуникациялар министрлігінің өкілі хабарлады. Сондай-ақ түріктің «Атлас Джет» әуе компаниясының жұмысы 24 шілдеге дейін тоқтағаны белгілі болды. Бұған да қазақстандық «Гүлнәр тур» фирмасының әсері тиген.

Ведомство өкілінің мәліметіне сай, "Атлас Джет" Туркияда қалып қойған 1800 азаматты елге тегін жеткізді. Ал жат жердегі 6 жерлесіміз отандық әуе тасымалдаушылар арқылы елге жеткізіледі.

Талғат Ластаев, ҚР ККМ Азаматтық авиация комитетінің төраға орынбасары:

Түркияда біздің азаматтар қалған жоқ. Тек қана 6 адам қалды. Турпутевканың мерзімі 21 шілдеде бітеді. Сол кезде біздің компания арқылы оларды Қазақстанға шығарамыз.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА