Русский Сайттың толық нұсқасы

Байланыс операторын ауыстырған жағдайда, ескі нөміріңіз сақталады

  • AstanaTV
  • 15 шілде 2014
  • 1044

Байланыс операторын ауыстырған жағдайда, ескі нөміріңіз сақталады. Мұндай жүйе келесі жылдан бастап енгізілуі мүмкін. Мақсат - ұялы байланыс нарығында бәсекелестікті күшейту. Яғни тиімді тарифті таңдаған кезде нөмір ауыстырудың қажеті болмай қалады.

Мұны байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастық кеңесінің 20-отырысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Сондай-ақ, алдағы уақытта ТМД елдері арасында роуминг құны арзандауы ықтимал. Ресейлік байланыс саласының басшылары тіпті роумингсіз байланысқа көшуді қалайды. Бірақ мұны операторлар өзара шешпек.  Қазіргі таңда  тиісті келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Асқар Жұмағалиев, ҚР Ақпарат және байланыс агенттігінің төрағасы:

Сроки мы с коллегами обсуждали. В конце этого либо в начале следующего года мы подпишем это соглашение.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ