Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәскеу метросындағы ірі апатта 19 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 15 шілде 2014
  • 1173

Бүгін Мәскеу метросында ірі апат болды. "Бақытсыз оқиғада 19 адам қаза тапты", - деп хабарлайды елдің төтенше жағдайлар министрлігі. Жүздеген адам жарақат алған, тең жартысынан астамының жағдайы ауыр. Олар бірден ауруханаға жеткізілді.  

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, жер асты поезының үш вагоны рельстен шығып, бетон қабырғаға  соғылған. Машинистке бұрылар бағытты көрсетіп тұратын құрылғы жолды дұрыс көрсетпеген. Бірер күн бұрын дәл сол жерде жөндеу жұмыстары жүргізілді деген бейресми ақпарат бар.

Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі әзірге мұның лаңкестік әрекет еместігін айтты. Апат жер асты жолындағы қауіпсіздік шаралары сақталмағандықтан орын алғанға ұқсайды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ірі апаттың нақты себеп-салдары әлі анықталған жоқ.

Айта кетейік, Ресей ақпарат құралдары қаза болғандардың туыстарына 1 млн рубль және жарақат алғандарға 500 мың рубль өтемақы төленеді деп хабарлайды. Ал сәрсенбі Ресейде қаралы күн ретінде жарияланды.

Не знаю, все искарежило. - Вы там были? - Да, неверное, с рельсов сошел.

Айгүл ӘДЕПБАЙ