Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы «Спутник» сауда үйіндегі шу тиісті деңгейден асып кеткен

  • AstanaTV
  • 15 шілде 2014
  • 1329

Алматыдағы «Спутник» ойын-сауық орталығының үстінен шағым түсірген тұрғындардың талабы орынды болып шақты. Аудандық тұтынушылар  құқығын қорғау басқармасы жүргізген тексеру сауда кешенінен шығатын дыбыстардың  шамадан артық екенін растаған.

Түнгі мезгілде тұрғын үйлердің жатын бөлмесінен өлшенген шудың дауысы әдеттегіден 1,5 есеге асып түскен. Енді «Спутниктің» қожайынына 30 айлық есепті көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Ал желдеткіш қондырғысынан шығатын шуылды өз мөлшеріне келтіру үшін екі ай уақыт берілді.

Айта кетейік «Мамыр» шағын ауданының тұрғындары желдету құрылғысынан шығатын дауыстың адам төзгісіз екенін айтып, жергілікті  басқармаға арызданған. 

Бибігүл Отарбаева,  Әуезов аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының бөлім басшысы:

Тексеру  шуылдың басым екенін анықтады. Жабық терезе, ашық терезе жағдайында түнгі мезгілде лабораториялық зерттеулер осындай нәтиже көрсетіп, айыппұл салынды. Егер тиісті талаптар орындалмаса,  мәселені сот қарайтын болады.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ