Русский Сайттың толық нұсқасы

НАТО Шығыс Еуропада жаңа әскери базалар ашуды жоспарлап отыр

  • AstanaTV
  • 27 тамыз 2014
  • 1689

НАТО Шығыс Еуропада жаңа әскери базалар ашу жоспарлап отыр. Бұл туралы The Guardian басылымына сұхбаты барысында Андрес фог Расмуссен мәлімдеді. Солтүстік атлантикалық альянс ұйымы бас хатшысының айтуынша, ол Кадиффте өтетін саммитте ең алдымен альянс мүшелерінің ресейлік шекаралар аумағында әскери базаларды орналастыру туралы келіспеушіліктерін шешуге тырыспақ.

«Еуропалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, НАТО алғы шептегі жедел әрекет күштерін әзірледі.  Қажет болған жағдайда, біз оны іске қосуға дайынбыз. Қазіргі таңда біз Польша, Латвия, Литва және Эстонияда қосымша күштер ұйымдастыруымыз қажет. Жаңа әскери базалар ашу НАТО-ның Шығыстағы ықпалын еселей түсепек», - деді Расмуссен.

Айта кетейік, бұдан бұрын польшалық және балтық әріптестерінің бұл ұсынысын НАТО-ға мүше Испания, Италия және Франция елдерінің мүшелері қолдамаған болатын.

Жұрағат БАМАН