Израиль мен ХАМАС өзара
бітімгершілікке келді. Кеше тараптар бір ай мерзімінде оқ атпау туралы келісті. Осы мерзімде екі жақ қақтығысты
тоқтатудың ұзақ мерзімді шешімдерін қарастырады деп күтілуде. Палестина лидері Махмуд Аббас ХАМАС пен консенсусқа жеткенін ресми түрде мәлімдеді.
Алайда Израиль халқы бітімгершілікке сенімсіздік танытуда. ЦАХАЛ сарбаздары
шекара шебінен қайтқан жоқ. Газа секторының тұрғындары керісінше, атойлап
жатыр.
Еске салсақ, мұнда 7 аптаға созылған қанды қырғын салдарынан екі мыңнан
астам адам қаза тапты. Енді Израиль жермен жексен болған баспаналарды қайта
тұрғызу үшін, құрылыс материалдары мен гуманитарлық көмек кіргізу жүйесін
жеңілдетпек. Сондай-ақ, палестиналықтарға Жерорта теңізінен балық аулауға
рұқсат етіледі. Дегенмен, Израиль Хамас
қозғалысын қаржыландыруға ниетті еместігін ашық білдірді.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА