Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада ауруханаға менингит ауруының белгілерімен 60-тан астам бүлдіршін түсіпті

  • AstanaTV
  • 15 шілде 2014
  • 1517

Белгіленбеген жерлерде суға түспеу және жеке бастың тазалығын қатаң сақтау. Елордалық санитар дәрігерлер азаматтарды осыған үндеп отыр. Мұның себебі, қалада серозды менингит эпидемиясының өршу қаупі бар. Астанадағы балалардың жұқпалы аурулар ауруханасына шілде айы басталғалы менингит ауруының белгілерімен 60-тан астам бүлдіршін түсіпті.

Олардың 46-сына лабораториялық зерттеулер жүргізіліп 30 балада менингит жұқпасы табылған. Аты жаман дерттің бұл түрі сапасыз ауыз су және жуылмаған жеміс-жидектер арқылы тарайтын көрінеді. Маусымдық сырқат биыл ауа райының қалыпты жағдайдан жоғары болуына байланысты ертерек байқалып отыр. Дерттің басты белгілері бас ауруы, желке тұсының тырысуы және жүрек айнуы. Эпидемиологтар осы белгілер байқалған сәтте бірден дәрігерге қаралуға кеңес береді.

Сарқыт Бейсенова, Астана қаласы тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы:

Суға рұқсат етілген жерлерде ғана түсу керек. Субұрқақтарда шомылуға мүлде болмайды. Балаларды тамақтанар алдында қолын жууға үйреткен дұрыс. Қазір көкөніс пісетін кезең сондықтан балалардың жуылған жеміс жеуін қадағалау қажет. Ашық су көздерінен және 30 субұрқақтан сынама алдық, қазір зерттеудеміз.