«Роботталған дәріхана». Осылай аталатын қондырғы тұрғындарды таң қалдыруда.
Керекті дәрі-дәрмекті тұтынушы қолына фармацевт емес, робот жеткізіп береді.
Жеті секунд ішінде жүзеге асатын қызметке Қызылорда облысы Шиелі кентінің
тұрғындары дән риза.
Компьютердің базасына барлық дәрі-дәрмектің атауы
мен штрих-коды енгізілген. Сұранысты қабылдаған робот керек дәріні сол мезетте
тауып, арнайы жәшікке жібереді. Соңғы аялдама - касса. Мұнда процеске фармацевт
қосылады. Осының барлығына бұрынғыдай 5-6 минут емес, бар болғаны 7 секунд
уақыт кетеді. Қондырғы ішіне 10 мың дәрі-дәрмек сияды, олардың барлығының
атауын, сақталу мерзімін робот жатқа біледі.
Итальяндық технологиямен
отанымызда жиналған робот - жаңа типті дәріханалар ашудағы басты элемент
саналады. «Роботталған дәріхана» әзірге Астана мен Өскемен қалаларында
орнатылған. Ал Қызылорда аймағында алғашқы болып Шиелі ауданының тұтынушылары
қол жеткізді. Он бес жылға дейін жарамды болып табылатын робот бірден төрт
жұмыс орнын қамтып отыр.
Роботта рецептпен, дәрігердің рұқсатымен дәрілерді сақтауға өте тиімді.
Соның біз күнделікті сақталу мерзімін, одан кейінгі қанша көлемде дәрі қалды,
дәрінің қалдығын көріп отырамыз.
Маржанкүл Сейділдаева, Шиелі кентінің тұрғыны:
Бірден шығарып беріп жатыр дәрілерді. Бірден алып кетіп жатырмыз. Тез
арада. Уақытты үнемдеп жатырмыз.
Шарипа САҚТАПОВА