Русский Сайттың толық нұсқасы

Каспий жағалауын жабайы сауда мен жүйесіз ойын-сауық орындары басып барады

  • AstanaTV
  • 16 шілде 2014
  • 1842

Жағалауды жабайы сауда мен жүйесіз ойын сауық орындары басып барады. Каспий теңізінің жағасында қыдырыстауды ұнататын Ақтау тұрғындары бұл көрініске наразы. Адамдардың бірауық демалып, көңіл сергітетін орны бүгінде күл-қоқыс пен өзге де қалдықтардың аумағына айналып кеткендей.

Осыған алаңдаған ақтаулықтар дабыл қағуда. Бұқара таза ауада серуендеуге де қорқып қалған. Бір қызығы, полицейлер бұл аумақта қаптап кеткен түрлі қызмет көрсету бекеттерін реттеуге қауқарсыз екенін айтып, қол қусырып отыр. Оған кәсіпкерлерді тексеруге мораторий жариялануы себеп болған. 

Екатерина Ишматова, Ақтау қаласының тұрғыны:

Бұрын бұл маңай тыныш еді. Қаптаған машинкалар мен басқа да техникалар жоқ болатын. Қазір көріп тұрсыздар, жүрмейтін дүние жоқ. Серуендеуге қауіпті. Қай жағыңнан келіп, соғып кететінін білмейсің.

Азамат Сәрсенбаев, Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі:

Қызмет көрсететін тұлғаларда, мәселен, жалға беру және басқа да ойын-сауық түрлерін ұсынатын азаматтарда рұқсат қағаздары бар. Яғни жеке кәсіпкерлер. Сондықтан тәртіп сақшыларының қолы байлаулы. Мораторийге сәйкес, полицейлер ешкімді тексере алмайды. Егер Ақтау жағажайында ретсіз сауда-саттық өкілдері пайда болса, олар Әкімшілік кодекстің 165-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ