Русский Сайттың толық нұсқасы

Қаржы полициясы Ертаевтың оққағары іздестіріліп жатыр деген ақпарды жоққа шығарды

  • AstanaTV
  • 17 шілде 2014
  • 1721

«Bank RBK» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің консультанты Жомарт Ертаевтың оққағарларына іздеу жарияланды деген ақпарды қаржы полициясы жоққа шығарды. «Астана» телеарнасының сұрағына жауап берген құзырлы орган өкілі "Ертаевтың жеке күзетшілері тергеуге келмеді" деген мәліметті де растаған жоқ.

Бұған дейін  "Жомарт Ертаевтың оққағарлары банктің 56 млн доллар тұратын акцияларын сатып алды. Және Ұлттық банк осы оқиғаға қатысты жақын арада тексеру жүргізеді" деген ақпар тараған. Кейбір ақпарат құралдары «RBK»-нің құнды қағаздарын Жомарт Ертаевтың жеке күзетшілеріне тиесілі төрт бірдей компанияның сатып алғанын айтты. Олар 1 миллионнан астам акцияны иемденген.

Осылайша, қазір демалыста жүрген Ертаев мырза «Bank RBK»-дағы өзінің пәрменділігін арттырмақшы-мыс. Әзірге бар ақпарат беймәлім дереккөздерге сілтеме жасау арқылы беріліп жатыр. Ешбір тарап ресми түсініктеме беруге асығар емес.

Айгүл ӘДЕПБАЙ