Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық банк 5-10 мың теңгеліктердің жоғалуы жайлы түсінік берді

  • AstanaTV
  • 17 шілде 2014
  • 1116

"5 және 10 мың теңгеліктер жеткілікті. Ақша айналымында есеп айырысу кедергісіз жүзеге асу үшін, түрлі номиналдағы купюралар қалыпты мөлшерде шығарылады". Ұлттық банк өкілдері осылай деп түсінік берді. Айтуларынша, купюра айналымындағы теңсіздікті коммерциялық банктер қолдан жасап отырған болуы ықтимал.

Қазір бас қаржы институты мәселені реттеу үстінде. Осы уақытқа дейін екінші деңгейлі банктер шығынды азайту үшін, тұтынушыларға көбінесе ірі номиналды ақша беріп келген. Бұл нарыққа да әсер етті. Орта және ұсақ номиналды ақша көлемі азайып, тауар мен қызмет көрсету саласында есеп айырысу айтарлықтай қиындаған. Осыған орай қаржы институттарына қаражат берген кезде орта және ұсақ номиналды ақшаны 5 пайызға арттыру керек деген шешім қабылданды.

Айта кетейік, демалыс маусымы мен жаңа жыл мерекесі кезінде айналымда ірі номиналды купюралар басым болады. "Теңсіздікті реттеу үшін шаралар қолданылып жатыр", - дейді банкирлер.

Андрей Балахметов, ҚР Ұлттық банкі қолма-қол ақша айналымы департаменті директорының орынбасары:

Мұны азаматтардың есеп айырысуына қолайлы болсын деп іске асырып жатырмыз. Банктердің купюраларды өз талғамына қарай ұсынуы - ортақ ережеге сәйкес келмейтін дүние. Осы орайда Ұлттық банк тек банк секторын ғана емес, бүкіл елдегі қаржы айналымының дұрыс іске асуын қамтамасыз етуі тиіс.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ