Русский Сайттың толық нұсқасы

Тобыл өңірінің басшылары мүмкіндігі шектеулі бишілерге арбалар табыстады

  • AstanaTV
  • 17 шілде 2014
  • 1040

Тобыл өңірінің басшылары мүмкіндігі шектеулі жандарға тосын сый жасады. Әкімдік тарапынан «Үміт» қоғамдық бірлестігінің өкілдеріне биге арналған бес қол арба тарту етілді. 

Айта кетейік, тұңғыш рет арбаға таңылған адамдар арасындағы спорттық биден ел чемпионаты 2011 жылы Қостанай облысында өткен. Сол игі  шараға аймақтағы "Үміт" қоғамдық бірлестігі мұрындық болды. Бұл сайыс жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

Би жарысы - мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тамаша мүмкіндік. Өмірде тауқымет тартса да, өнерден күдерін үзбегендер үшін үлкен сахнаға жол ашты. Тіпті халықаралық байқауларда бақ сынады. Ал атқамінерлердің бүгінгі тартуы - арбаға таңылған талай таланттың  өнеріне қолдау, өміріне демеу болары сөзсіз. 

Аруна Жақсығұлова, «Үміт - Надежда» қоғамдық бірлестігі  төрағасының орынбасары:

4-5 жыл бұрын би Қазақстанда енді ғана дами бастаған кезде, біздің «Үміт» қоғамы биге қатыса бастағанда, осындай арбалар болса ғой деп армандайтынбыз. Бүгіндікке сол арманымыз орындалады деп ойлаған жоқпыз. Арбалардың артықшығылы - өте жеңіл. Өте қолайлы. Сахнадағы барлық би қимылдарын көркем көрсетуге ыңғайлы.

Заңғар САНАЙ