Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы журналистер мен өнерпаздарға ауызашар берді

  • AstanaTV
  • 17 шілде 2014
  • 2357

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы асыл дінімізді насихаттап, ізгілік жайлы қалам тербейтін қаламгерлер мен ән арқылы дінді насихаттап жүрген өнерпаздарға ауызашар берді. Сауапты шара батамен ашылып, артынан құран оқылды.

Журналистика саласында еңбектеніп жүрген жандар арасында исламның бес парызын орындайтындар аз емес. Сондықтан  ифтарға ерекше ықыласпен келіп, дәмнен ауыз тиген қауымға бас мүфти алғыс білдірді. Қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Оразаның қадір-қасиеті жайлы уағыз-насихат айтты. «Шілденің шіліңгір ыстығында ауыз бекітудің сауабы мол. Алла тағала оның қарымын Өзім берем деген. Оразаларыңыз қабыл болсын», - деді  діни басқарма төрағасы.

Сондай-ақ осы күні мүфтият жылдағы дәстүр бойынша 200-ден астам отбасына қайырымдылық көмек көрсетті. Тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратылып, қаржылай жәрдем берілді. Діни басқарма отыз күн оразаның бір күнін құрғатпай, ауызашар беруді жылдағы дәстүрге айналдырған.

Ержан қажы Малғажыұлы, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:

Қазақстанның түкпір-түкпірінде осы отыз күн бойы ауызашарлар беріледі. Мына тұрған жерімізде де күніне 600 адамға ауызашар беріп отырамыз. Сол сияқты еліміздің барлық аймағында осындай шара өтіп жатыр. Рамазан айы - бұл қайырымдылықтың, мейріміділіктің айы. Сондықтан барлығыңызға жақсылық пен сабырлық тілеймін.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ