Түріктің Atlas Jet әуе компаниясының ұшақтары 19 шілдеден бастап ұшуды қайта
жандандыруы мүмкін. Еліміздің Көлік және коммуникация министрлігі Түркияның
авиация саласына жауапты тұлғаларына және Atlas Jet компаниясына осындай талап қойды.
Серік
Мұхтыбаев, ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары:
Есть
предварительная договоренность, что они возобновят 19-18 числа. Сейчас идут
переговоры.
Бұған
дейін министрлік өкілдері Atlas Jet өз жұмысын 24 шілдеге дейін
тоқтатпақ" деп мәлімдегенін хабарлаған болатынбыз. Қазақстан мен Анталия
арасында қатынап жүрген әуе
компаниясы "Гүлнәр тур"
туристік операторы арқылы қазан айына
дейінгі ұшу билеттерін сатып үлгерген. Алайда туроператордың қарызға батуы
салдарынан өзіне жүктеген жауапкершіліктен бас тартты.
Күні кеше Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері
осының салдарынан 11 мың қазақстандық
демалыстарынан қағылуы мүмкін деген ақпарат таратқан. Сондай-ақ олар Atlas Jet-ті жолаушылар тасымалдауды тоқтатпауға мәжбүрлеу керек
дегенді де мәлімдеген еді.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА