Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ақ жол» партиясы оқытушылармен кездесті

  • AstanaTV
  • 29 ақпан 2016
  • 1539

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясы үгіт-насихат жұмысымен Астанадағы білім беру ордаларының біріне барды. Қазақстанның технология мен бизнес университетінің оқытушылар ұжымымен кездесіп, өз сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Ақжолдықтар тегін кәсіптік-техикалық білім беруді енгізу мен 9-шы сыныптан кейін мемлекеттік гранттар санын көбейтуді ұсынып отыр. Тегін кәсіптік-техикалық білім беруді енгізу. 9-шы сыныптан кейін оқушылар үшін мемлекеттік гранттардың санын көбейту. Оқытушылар жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарында жастарға кәсіби-техникалық бағдар беру пәнін енгізу ұсынысы көңілдерінен шыққанын айтты. «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған осы екі ұсынысты оқытушылар қолдайтынын айтты.

Қайырбек Кемеңгер, «Ақ жол» ҚДП мүшесі:

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясы Қазақстанның бизнес технология университетінде кездесуде болып жатыр. Бұл кездейсоқ жағдай емес. Себебі «Ақ жол» демократиялық партиясының партиялық тізімініде үміткерлер қатарында қалыптасқан, өзінің жолын тапқан белгілі кәсіпкерлер, бизнес өкілдері, зауыт директорлары, банктің төрағалары, яғни арамызда айтар сөзі бар азаматтар бар екенін көрсете аламыз. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА