Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда 15 интернет-ресурстың өнімі заңсыз деп танылған

  • AstanaTV
  • 18 шілде 2014
  • 980

Қазақстанда 15 интернет-ресурстың өнімі заңсыз деп танылған. Оның ішінде 175 ақпараттық материалдың экстремистік сипаты бары анықталды. Бұл туралы  Бас прокурор Асхат Дауылбаев  мәлімдеді. Жарты жылдық жұмысын қорытындылаған ведомство әлеуметтік-экономикалық саладағы 270 мыңдай заң бұзушылықты анықтады.

Бірқатарына шара қолданылып, 12 мың 700  құқықтық акті заңсыз деп танылып, күші жойылған. Құқығы бұзылған 390 мыңдай азаматқа заңдық тұрғыдан көмек көрсетілді. Алқа отырысында мемлекеттің материалдық мүддесін қорғау, қоғамдағы экстремистік әрекеттердің жолын кесу жайы да сөз болды. 

Асхат Дауылбаев, ҚР Бас прокуроры:

Еңбекақы төлеуде азаматтардың құқығын қорғау туралы Президент тапсырмасын орындап отырмыз. Жұмыс нәтижесінде проблемалық өндіріс орындарының жұмысшыларға қарызы азайтылды. 2010 жылдан бері оның көлемі 7 есеге төмендеген.  Жыл басынан бері 40 өндіріс орнының 668 млн теңге берешегі өндірілді.

Жұрағат БАМАН