Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда "Темірбанкті" тонағандар 7 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2014
  • 1096

"Темірбанкті" тонаймын деп темір тордың арғы жағына аттанды. Алматыда осы іске қатысты сот үкімі шықты. Банктен ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталған азаматтардың әрқайсысы 7 жылдан арқалайтын болды.

Естеріңізге салайық, өткен жылғы қазанда белгісіз біреулер «Темірбанк» ғимаратының бірінші қабатындағы бөлменің есігін бұзып, 37 млн 200 мың теңгені қолды еткен болатын. Көп ұзамай полиция екі азаматты күдікті ретінде ұстады. Екеуі де Жамбыл облысы Шу ауданының тумасы болып шықты. Банктің қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеген 37 жастағы маман 32 жастағы жерлесімен бірігіп, осындай қылмысқа барған. Енді бас бостандығынан айырылған екеудің мүлкі де тәркіленетін болды.

Қуандық Ешімет, Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы:

Дәулет Қалтаевты, Еркін Қалбаевты ҚР ҚК 175-бабы 4-бөлімінің Б тармағымен кінәлі деп тауып, 7 жыл мерзімінде мүлкі тәркіленіп, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды. Үкім өз күшіне енген жоқ, олар апелляциялық алқаға шағымдарын білдіруге құқылы.

Маржан СЕРІКҚЫЗЫ