Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлдың орталық көшелерінде мопед жүргізушілері мен велошабандоздардан құралған мотошеру өтті

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2014
  • 1317

«Мотоциклші, абайла!». Петропавлда осындай атаумен акция ұйымдастырылды. Шара аясында қаланың орталық көшелерінен мопед жүргізушілері мен велошабандоздардан құралған мотошеру өтті. Ал шеруді жол көлік апатына ұшырап, бүлінген мотоциклдерді тиеп алған жүк көлігі бастап жүрді.

Акцияға бастамашы болған жол полицейлері. Мұндай шараның Қызылжарда өткізіліп жатқаны кездейсоқ емес. Жол сақшыларының айтуынша, биыл мотоцикл мен скутерлердің қатысуымен болған жол апаттары 2 есеге артқан. Көліктің мұндай түрін тізгіндеген жүргізушілер жол ережесін сақтай бермейді. Осылай деген полицейлер шеруді өткізу арқылы көпшілікке ой салмақ. 

Андрей Харченко, Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының инспекторы:

Мотоцикл жүргізушілері көбінесе арнайы бас киім кимейді, кейбіреулері скутерге 3-4 кісіні артып алады. Осындай тәртіпсіздіктің кесірінен жол көлік апаттары көбейіп отыр. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстанда мопедтердің қатысуымен болған 12 апат тіркеліп, 2 адам қаза болды.

Абзал ҚҰРМАНКИН