Русский Сайттың толық нұсқасы

Ирак пен Левант Ислам мемлекетінің басшылары өз әскерінің қатарына Сириядағы балаларды жұмылдыруда

  • AstanaTV
  • 22 шілде 2014
  • 1288

Ирак пен Левант Ислам мемлекетінің басшылары өз әскерінің қатарына Сириядағы балаларды жұмылдыруда. Бұл туралы Human Rights Watch ұйымы мәлімдеді. Аталған ұйымның баяндамасына сәйкес, 25 жасөспірім қолдарына қару алғаны туралы әңгімелеп берген.

Құқық қорғаушылар Ирак-Левант елінің содырлары оқу орындарын сарбаздар даярлайтын орталықтарға айналдырған деп отыр. Мұндай тұжырым балалардың аузынан шыққан мәлімдемелерге сүйене отырып жасалған. Айталық, Human Rights Watch деректеріне сәйкес, содырлар барлық мектептерде биология, тарих, жағрапия, дәстүрлі ислам пәндерін оқытуға тыйым салыпты. "Есесіне балалар дін жолында жанкештілікке бару туралы дәріс тыңдайды және оларға Құран-кәрімнің негіздері өзге мазхабқа сай оқытылады", - делінген ұйымның баяндамасында. Құқық қорғаушылар :"Содырлардың қатарына балаларды тарту тоқтатылсын",- деп дабыл қағып отыр. 

"Экстремистік топтар, соның ішінде Ирак пен Левант Ислам мемлекеті, тегін оқыту бағдарламаларын сылтау етіп, балаларды содырлар қатарына қасақана жұмылдырады. Ал іс жүзінде оларға әскери ұрыс негіздерін, қару қолдану тәсілдерін үйретеді. Кейін бұл балалар қауіпті тапсырмалар орындайды, тіпті жанкештілік жасауға да барады". 

Асан ҚАЛИАХМЕТ