Русский Сайттың толық нұсқасы

Ішімдік ішіп көлік жүргізген әнші полицейлерге қарсылық көрсетті

  • AstanaTV
  • 22 шілде 2014
  • 1672

Алматыда танымал әнші полицейлердің бірінің киімін жыртса, екіншісінің қолынан оңдырмай тістеп алған. Қалалық ішкі істер департаментінің мәліметіне қарағанда, «Дауыс интернэшнл» тобының бұрынғы әншісі көлікті мас күйінде жүргізген.

Тәртіп сақшылары ол тізгіндеген шетелдік қымбат көлікті Саин мен Асқаров көшелерінің қиылысында тоқтатады. Құжатын көрсетуді талап еткен сақшылардың сөзін әнші елемеген. Өзін сұрақтың астына алып қана қоймай, ішкі істер басқармасына сүйреген полицейлерге ренжіген әнші қарсылық көрсетеді. Сондай-ақ өзінің погондыларға ақша бергенін мәлімдеді.

Бұл кадрлар бүгін ғаламторды шарлап кетті. Мұнда әнші алдымен көлікті мен емес, жүргізушім басқарды деп ақталады. Сәлден соң көлік тізгінінде 18 жастағы сіңлім болды деп бет бақтырмады. Ал медициналық сараптама қорытындысы әншінің орташа деңгейде мас екендігін анықтаған. Оның көлігі айып тұрағына қойылды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз хатшысы:

Бостандық аудандық ІІБ-да азаматша Құтпановаға қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 355-бабына сай қосымша әкімшілік істі қозғау мәселесі шешіліп отыр. Өйткені ол полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларға қарсылық көрсетті. Бұл фактілер бойынша тексеру жүргізілу үстінде.

Маржан СЕРІКҚЫЗЫ